Бәйдібек ауданы: «Рамазан — нұр шашқан ай!» атты рухани кеш өтті

Ауданда мерекелік кеш жиі өтіп тұрады. Ал, діни мерекелік кештер аудан имамы А.Оспанов келгелі бері жиі көрініс тауып жатқаны анық. Алдағы Рамазан айына орайластыра өткізіліп отырған «Рамазан нұр шашқан ай!» атты кештің шымылдығын Шымкент қаласындағы «Асыл мұра» орталығының өнерпаздары ашты. Сахнаны әнмен өрнектеген ұлттық киім киген қыз-жігіттер алда нұрын шашқан Рамазан айы келе жатқандығын жұртшылыққа паш етті.

Мінбеге аудан әкімі Райымбек Жолдас шықты. Аудан басшысы көпшілікті қасиетті айдың келуімен құттықтап, ендігі сөзін кешке арнайы шақырылған аудан орталығындағы бірқатар дүкен егелеріне арнады. Сөз басын Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер Кеңесінің төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің жалпы ел халқына арнаған Үндеуінен бастап, сол Үндеуге елді іспен жауап беруге шақырды. Яғни Қасиетті айда барлық азық-түлік, тауар түрлерін, коммуналдық қызметтерді мүмкіндігінше арзандатып, кемтар, тұрмысы төмен, мүмкіншілігі аз жандарға жәрдем қолын ұсынуды өтінді. Міне, сол имандылықтың басы болсын деп, ауданға қызметке келген үйсіз жүрген аудан имамы Арыстан Оспановқа қызметтік тұрғын үйдің кілтін салтанаты түрде тапсырды. Өз кезегінде, сахнаға шыққан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиев аудан әкімінің ізгілікті ісіне ризашылық сезімін білдірді. «Ең алдымен баршамызға бақ берген, рызық, несібе берген, уақыт берген Алла Тағалама сансыз шүкірлер болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат сәлемдер болсын!»- деді Бейбіт қажы.

Мұнан соң Рамазан айының қасиеттеріне тоқталды. Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің жариялаған Үндеуінің жай-жапсарын баяндады. Елдің бірлігі мен ынтымағы жайлы аз-кем айтып өтті. «Тәуелсіз Қазақстанның мешіттері мен медреселері» деген кітаптың жарыққа шыққанын облыс имамы жұртшылыққа хабардар етті. Ал, сол мешіттердің саны мен сапасы, қазіргі заман талабына сай мешіт салу жағынан Бәйдібек ауданы көштің басында тұр. Бұл да бір Алла Тағаланың бізге берген нығметі емес пе?! Аллаға мың да бір шүкіршілік, — деді Бейбіт Әліпбекұлы.

Менің айтпағым, Алланы еске алушылар көбейген сайын Алланың берекеті сол елге көбірек түседі екен.

Ия, ел аз отырып көп жайды ұққандай болды. Ең бастысы Рамазан айының қадір-қасиетін ұғынды. Құдіреттілігін түсінді. «Рамазан – нұр шашқан ай!» діни-мерекелік кештің мақсаты да осы болатын. Кешке қатысушыларға 90-нан асқан қария, шаяндық Тілеубек Сейсенбеков батасын берді.

Сондай-ақ, рухани кеш соңында аудан имамы  А.Оспановқа жаңа үйдің иесі болды.

Оны салтанатты түрде  аудан имамы А.Оспановқа аудан әкімі Райымбек Жолдас мырза «су жаңа» тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

Жалпы, аудан имамы А.Оспанов келгелі аудандағы діни іс шаралар мен асыл дініміздің уағыздалу деңгейі қарқынды дамып, мешіт жанында діни сауат ашу курстары тұрақты жұмыстарын жалғастырып келеді.

Түрлі деңгейдегі рухани іс шаралар аудандық мәденгиет үйінде өткізіліп отырады.

Аудан имамына қоныс құтты болсын дейміз!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
?????????? ?????????? RSS ?????? ??????

  1. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Сіздер қай жақтасыздар? Соны білейін дегенім.


  2. Warning: Missing argument 2 for wpdb::prepare(), called in /home/kattani7/public_html/wp-content/plugins/world-flags/includes/functions.php on line 53 and defined in /home/kattani7/public_html/wp-includes/wp-db.php on line 1154

    Байдыбек ауданынын бас имамына алгысымыз шексыз. О К О бас имамынан суранатынымыз быздын ауданныын бас имамы Оспановты орнында калдыруынызды суранамыз. Сызге АЛЛА разы болсын!

Пікір жазу