Халық қалаулысы ауыз ашар берді

Жуырда, Сайрам ауданы Манкент ауылдық «Жалал баб» мешітінде облыстық маслихаттың депутаты Оразалиев Мадияр Мұхтарұлы жиналған жамағатқа ауыз ашар берді.

Арнайы шара барысында аталмыш мешіттің бас имамы Нышанбаев Хайдарқұл Ахметқұлұлы уағыз-насихат айтып, халықты имандылыққа шақырды.

Сондай-ақ, шейх, Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің  ел халқына жолдаған үндеуі кеңінен түсіндірілді.

Қасиетті айда елдің батасын алып отырған Оразалиев Мадияр осы елдің тумасы әрі мешіттің тұрақты жанашыры болып саналады. Ол кісі Алла разы болсын.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір жазу