Қаттани мешіті: Облыстық кеңейтілген діни семинар өтті

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал және экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары» семинары

Алла тағала шүкір, еліміздің соңғы уақыттардағы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы жетістіктері баршаға белгілі. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің уақыт өткен сайын жақсарып келе жатқаны баршаға аян. Бұл ең алдымен, құдіретті Аллаһ тағаланың адам баласына көрсеткен нығметі.

Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Құдайға шүкір, елімізде 2400-ден аса мешіт халыққа қызмет көрсетуде. Ал оның 830-ға жуығы Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде екені белгілі.

Облысымызда мешіттер халыққа қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Бұл ең алдымен қажетті шараларды дер кезінде қолға алудың, бірлесе отырып жұмыстар жүргізудің нәтижесінде жүзеге асып отырған жайт. Түрліше қоғамдық шараларға тартылудың нәтижесінде мешіт имамдарының беделі мен оның қоғамдық ортадағы маңызы мен орны күн санап артып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің тарапынан тұрақты ұйымдастырылатын  облыстық  кеңейтілген діни семинар барысында дәстүрлі дін саласындағы проблемалық мәселелер жан-жақты көтеріліп, нақтылы ұсыныс-пікірлерге орын берілді.

 Семинар жұмысы барысында облыс көлеміндегі көптеген мешіттерде заман талабына сай компьютерлер мен телефондар орнатылғандығы айтылып, мешіттердің факс пен интернет жүйелеріне қосылуы көңіл қуантады.

Семинарда әрбір аудан, қала бас имамдары  жеке-жеке баяндама жасап, өңірлердегі діни ахуал жөнінде жан-жақты талдаулар жасады.

Бұл имамдар Діни басқарма тарапынан жарық көретін «Ислам және өркениет» газетінің молынан таралуына үлкен үлес қосса, ай сайын мешіт имам, молдаларының діни біліктіліктерін арттырудағы жұмыстары да көңіл көншітерліктей дәрежеде болуда. Сонымен қатар,  аталмыш аудандық мешіттердің күрделі жөндеулеріне де қол жеткізілген.

Үлгілі мешіт имамдарының қатарында бірқатар ауылдық мешіт имамдарының жүргізіп отырған жұмыстарына шынайы баға беріліп, олар алғыс хаттарға ұсынылды.

Атап айтқанда, соңғы кездері жұртшылықтың зор ықыласына бөленіп жүрген Түлкібас аудандық «Түлкібас ата» мешітінің бас имамы Б.Оңалбаев , Арыс қалалық «Ысқақ» мешітінің А.Абдікерімұлы, Ордабасы ауданы «Дәулеталыұлы Бекалы» мешітінің имамы Б.Әшірбай, Шымкент қаласы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің имамы Ә.Тойшиев пен Шардара қалалық «Шардара» мешітінің имамы А.Данияровтар бар.

Жалпы саны 52 дін қызметкер өкілдік тарапынан алғыс хат пен марапатталды.

Жалпы, өкіл имам Бейбіт қажы Мырзагелдиев  семинар барысында ауыл имам, молдаларына алдағы бір жыл бойы атақарытын тапсырмаларды міндеттеді. Атқарылатын шаралардың дені имамдардың бес уақыт намазға тұрақты қатысуы, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу жұмыстарын жүргізу мәселелері, уағыз-насихат жұмыстарын күшейту жайы, мешіттердің уақтылы тіркелуі, т.б. мәселелер төңірегінде өрбіді.

Семинар соңында қатысушылардың Қарары қабылданды.

Мұхамеджан Естеміров,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


− 6 = 1