«Жанубий Қозоғистон» газеті өз оқырмандарының діни біліктілігін пысықтау мақсатында жариялаған байқауы мәреге жетті

Қасиетті Рамазан айында «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газеті өз оқырмандарының діни біліктілігін пысықтау мақсатында конкурс жариялады. Байқауда Шымкент, Түркістан қалаларының оқырмандары ерекше белсенділік танытты. Газет ұжымы «Оңтүстік» баспасөз орталығында сайыс жеңімпаздары марапатталды. Оған ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары М.Естемиров қатысып, жеңімпаздарға сыйлықтарын табыс етті. Басқосуды «Жанубий Қозоғистон» газеті бас редакторының орынбасары И.Абдунабиев жүргізіп отырды.

- Мұндай жаңашыл бастаманы алғаш болып «Жанубий Қозоғистон» газеті қолға алып отыр. Конкурстың басты ерекшелігі онда оқырмандар діни білімін ортаға салып, үздіктері көзге түсті. Келешекте қазақ және өзбек халықтарының әдет-ғұрыптары бойынша байқау ұйымдастырған жөн деп есептеймін. Өйткені, теріс ағымдарға мүше болған адамдар керек болса, біздің «келін сәлемімізді» «шірк» немесе «бидъат» деп қабылдайды. Біз соған қарсы қоғамдық ұйымдар, белсенді жастар, БАҚ өкілдерімен үнемі бірлесе отырып, іс-шаралар өткізіп отыруымыз тиіс деп санаймын, - деді наиб имам.

Басқосу байқау жеңімпаздарын құттықтау салтанатымен жалғасты. Жүлделі 3-орынды шымкенттік Мастура Абдуллаева мен Ирисай Эшанкуловалар өзара бөліссе, 2-орынды шымкенттік Наима Абдукаримова иеленді. Ал байқау жеңімпазы ретінде Түркістан қаласының тұрғыны Абдумуталиб Носировқа бұйырды. Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқан оқырмандар — А.Рамазанов (Шымкент), А.Иззатуллаев (Түркістан), М.Имамова (Шымкент) ынталандыру сыйлықтарын иеленді. Оқырмандардың байқауда белсенділік танытқанына шексіз алғысын білдірген облыстық өзбек ұлттық мәдени орталығының төрағасы И.Хашимжанов қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

 Н.Мавланова.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


+ 8 = 10