Амантай САДИЕВ: Нағыз мұсылман - жүрегі ашық, жаны таза адам

Нағыз мұсылман - жүрегі ашық, жаны таза адам. Оның қолында жарылғыш зат емес, Құран бар, - дейді Атырау облысының бас имамы Амантай Сәдиев.

Бұл сөздерді облыстың бас имамы кеше Құлсары қаласында өткен қайғылы оқиғаға қатысты пікірін білдіре отырып айтты.

Лаңкестік қызметке қатысы бар исламның біздің еліміз үшін дәстүрлі емес ағынын жақтаушы күдіктілер жасырынған пәтерге шабуыл жасалған кезде 5 адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақаттанды. Күш құрылымдары қызметкерлерінің бірі жарақат алды.

«Бұлар қой терісін жамылған қасқырлар. Олар туған жеріне, халқына, дініне, мемлекетінің тәуелсіздігіне қарсы шықты. Исламда олардың әрекеттеріне түсіндірме жоқ. Сондықтан оларды  мұсылмандар деуге болмайды. Олар - лаңкестер, экстремистер», - деп есептейді А.Сәдиев.

www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники


Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*


8 − = 0