Форум

Ассаламу алайкум. Құрметті сайт қонақтары мен қолданушылары, Қаттани сайтының форумына қош келдіңіздер!!!

ЕСКЕРТУ: Форумда балағаттау, Мемлекетке, ҚР Ата-заңына, Елбасыға, жұртымызға, халқымызға қайшы сөздер жазылса дереу өшіріліп, қолданушыға БАН қойылады.


Добро пожаловать, гость 

Показать / спрятать

Добро пожаловать, гость! Для участия в форуме требуется регистрация.






Страниц: [1]
Автор Тема: Ананы құрметтеңдер, аялаңдар!!!
QaysarAhme-
d
Жаңадан тіркелуші
Сообщения: 18
Ананы құрметтеңдер, аялаңдар!!!
 November 20, 2011, 10:12

 Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, артыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

 Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

 Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң табақтарды жерге лақтырдың.

 Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң дуалдарды шимақтадың.

 Бес жасқа толғаныңда, анаң сені әдемі киімдермен киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.

 Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.

 Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшағына алу үшін мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.

 Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.

 Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң бар уақытыңды достарыңа ысырап еттің.

 Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң «лажы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.

 Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.

 Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

 Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.

 Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгін, ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналас-қан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.

 Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.

Ізгі тілекпен: Ұлықбек Алиакбарұлы.

ulykbek
Администратор
Сообщения: 15
Ответ на: Ананы құрметтеңдер, аялаңдар!!!
 November 20, 2011, 17:53

өз жазбамды өзіме жазып бердің ғой :)
рахмет....

QaysarAhme-
d
Жаңадан тіркелуші
Сообщения: 18
Ответ на: Ананы құрметтеңдер, аялаңдар!!!
 November 20, 2011, 22:31

Allah sizdin ar isinizge taufiq bersin!

Страниц: [1]
Mingle Forum by cartpauj
Версия: 1.0.31.3 ; Страница загружена за 0.044 секунд.


Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Assalamu alaykum. Jauap ushin rahmet! Namaz uaqyty kestelerinde fadjr jane tan uaqyttari beriledi. Mysaly, bugin fadjr 04.58, tan 06.58 bolsa qay birin alu kerek? Ulken algysymdy bildiremin.

  2. selamlar

  3. jok, kyin bolip jatkan jok.

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*