Сұрақ жауап

Төмендегі (атыңыз, Е-поштаңыз, сұрағыңыз) деген қатарларды  толтыру арқылы сұрақ қоюыңызға болады.

Ескерту: құрметті оқырман сұрақ қоймас бұрын алдыңғы сұрақ-жауаптарды қарап, оқып шығуды ұсынамыз. Себебі сіздің қоятын сұрағыңыз сізден бұрын қойылып, оған жауап берілген болуы мүмкін.


Мақаладағы пікірлерге RSS арқылы жазылу
  1. Assalamu aleikum!
    Bizdin meshitterde songy kunde jamaat TABLIG kobeip ketti tipti keibir meshitterdin imamdary solardy durys dedi..kebir baurlarymyz allanyn jolyna dep uinen shygyp kalalarda meshit ararlap oz otbasyn tastap ketedi..olardyn sozy boinsha ar musulman 3 kun 7 kun nemese 40 kunge uinen ketip baska jaka baryp aidaladagy bireuda iskamga shakyru kerek.. ol durys pa.

    • уа алайкум ассалам. Тәблиғ жамағаты жайлы.
      Дінді түсіндіру кез келген адамның қолынан келе беретін оп-оңай шаруа емес. Жұртты имандылыққа, мұсылмандыққа шақыру үшін ең алдымен жеткілікті діни білім қажет. Бұл топқа жиналғандардың кеше ғана діннен бейхабар жүріп, бүгін көпке уағыз айтуы, тіпті кей мәселелер жөнінде үкім беруі, әлбетте, қауіпті. Діни білімсіздіктен көбіне көп түрлі әдепсіздіктерге де жол беріп жатады. Ал, қарапайым жұрт олардың әр әрекетін мұсылманға тән деп қабылдайды. Сондықтан жеткіліксіз біліммен жұртқа дін жаю сауап алу орнына күнәға батыруы мүмкін.
      Білім алу – әрбір мұсылманға парыз. Құрандағы ең алғашқы әмірдің «Оқы!» деп түсуінің өзі осыны меңзейді. Алайда, дінге шақыру парасаттылық пен ғылым үйренуден басталады. Өйткені Құран кәрімде: «Адамдарды Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр» («Нахл» сүресі, 125-аят), – делінген. Даналық пен көркем үгіттің бастауы ілім-білім екені түсінікті. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде білімнің абзалдығы мен оның пайдасы жайлы айтқан. Мәселен, бір хадисінде: «Ер мен әйелге білім алу парыз» деп ап-айқын ескерткен.
      Бұрынғы мұсылман ғұламалары да шариғат ғылымын үйренуді негізгі мәселе санаған. Қанша қиын болса да ілім үйрену мәселесін елеусіз қалдырмаған. Бұл Аллаһтың жолына шақырудың жеміс беруі үшін де қажет.
      Сондай-ақ, Ислам дінінде отбасының қамын жеу, перзенттеріне қамқорлық жасап, дұрыс тәрбие беру, ата-ана мен өмірлік жары алдындағы міндеттерін орындау да мұсылман үшін аса маңызды.
      Өйткені дінімізде: «Жақындарың мен туыстарыңа ескерт» деген ұстаным бар. Осы топқа тән отбасы, бала-шағасын айына немесе жылына бірнеше рет апталап, айлап қараусыз тастап кету Исламға қайшы. Әрбір мұсылман Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Өз денеңнің хақысын, отбасыңның хақысын және Раббыңның алдындағы міндетіңді өтеп, әрбір хақы иесінің хақысын бер», – деген өсиетін жадынан шығармауы тиіс.
      Бұған қоса, тәблиғқа шықпақшы болған топтың Пәкістан тұрғындарының үлгісімен киінуі де жұртқа ерсі көрінетіні рас.
      Тіпті, олардың арасында алқам-салқам, кір-қожалақ киіну арқылы тазалық пен пәктікті насихаттайтын Исламға кір келтіретіні де ұшырасады. Аллаһ елшісі: «Тазалық – иманның жартысы» деген. Ал, оларды көргендер мұсылман болу, намаз оқу осылай киінуді талап етеді екен деп топшылауы мүмкін. Шындығында, Ислам дәл сол үлгіде киінуді талап етпейді.

  2. Ассаламуалейкум уа рахматтуллахи уа баракатухи! Аллаhтың уйі Қаттани мешітінің бас имамы Бейбіт мырза және найб имамдарға! Сізге қояр сауалым хиджаб мәселесі бойынша! Менің жұбайым хиджаб киетін еді, сабағына барған кезде басындағы орамалды шеш депті, шешпеймін десе, колледж деканаты басындағы орамалды шешкізіп сабаққа кіргізіпті! Осыған байланысты Ел басымыздың қандай бұйрықтары бар! Заңда жазылған ба немесе заңға енгізілген бе! Сіздердің жұбайларыңыздың, қыздарыңыздың басындағы орамалды осылай шешікізіп тастаса, қалай көресіздер! Әлде сіздердікі хиджаб кимейме! Осы мәселені теледидардан айтуларыңызды сұранамын! Аллаhтың кәлләмі құранның аяттарына бой ұсынбасақ, Мұхаммад (с.а.у) хадистеріне бағынбасақ, онда барлығымыз қандай мұсылман болғанымыз! Иншалла сіздерден нақты жауап күтем! Сіздерге Аллаh разы болсын! Осы қасиетті жұмада сұхбат берулеріңізді асыға күтемін!!!

    • Хиджаб киюге Үкімет тыйым салмауы керек – Мәсімов.
      АСТАНА. Шілденің 15-і. BNews.kz – Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов хиджаб киюге тыйым салуға қарсы. Бұл туралы ол бүгінгі онлайн-конференция барысында мәлімдеді.
      «Мен хиджаб киюге Үкімет тыйым салмауы тиіс деп есептеймін. Оған тыйым салу үшін біз ешқандай заңнамалық немесе нормативтік шаралар жүргізбейміз», - деді К.Мәсімов.
      «Біз кез келген адамның діни сеніміне құрметпен қарауға тиіспіз. Екінші жағынан, нақты діни наным-сенімдерге негізделмеген теріс әрекеттерге қатаң тыйым салуымыз керек. Үкімет пен мемлекет өзінің тиісті саясатын жүргізуі қажет», - деп толықтырды ол. Ақпарат көзі…http://www.bnews.kz/kk/news/post/54685/

  3. xijap keremet narse Allah tagala musilman kizdarina erekshe siy retinde jane en mikti korganis kilip bergen.ashik shashik jurgennen osi duriskoi. eger olardi olai moralniy kispakka alaberse ulken fitna shigiu mumkingoi,men universitettin jastar komiteti retinde eger birge jumila kirissek xanifa masxabinda, xijaptinda keremet jaksi jaktarin korsetuge boladigoi.

Пікір жазу

Сіздің e-mail басқаларға көрінбейді. Құпия сақталады.

*
*