Дінбасының Түркістанға зияраты

10-наурыз. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Президент әкімшілігінің шақыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевты Түркістан қаласына сапары кезіндегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат ету шарасына қатысу мақсатында Шымкент қаласына ұшып келді.

Шымкент әуежайынан ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам М.Мырзагелдиев  және зиялы қауым өкілдері күтіп алды.

Қадірменді қонақтарды Түркістан қаласына кереберістегі «Ұлы Қақба»дан Түркістан қала әкімінің орынбасары Ж.Ибрагимов мырза мен қаланың бас имамы О.Көбековтер күтіп алып, қонақ үйге жайғастырып, түскі ас берілді. Осы күні түс қайта Бас мүфти «Хилует» мешітінің бас имамы О.Көбектің ауданданды діни ахуал төңірегінде мәліметін тыңдады.

11-наурыз. Мұсылман әлемінің қасиетті саналатын жұма күні киелі Түркістан қаласына зиярат етіп келген Елбасы Н.Назарбаевты Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Түркістан қаласындағы Алматы алаңынан күтіп алды.

Алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралаған  Елбасы жолай жаңадан салынып жатқан мешіт маңында жас жұбайлармен жолықты. Оларға ақ батасын беріп, қадамдарына сәттілік тіледі.

Мұнан соң кесенеге кіріп, сонда жатқан әулие-әнбиелердің әруағына  Хазрет қасиетті Құран оқып, Елбасымызға, елімізге ынтымақ-бірлік тілеп бата берді.

Сондай-ақ, жуырда ғана «Мәдени мұра» бағдарламасының шарапатымен қайта жаңғыртылған Әзірет-Сұлтан қорық-мұражайын аралап, ондағы атқарылып жатқан тірліктерге оң бағасын берді.

Осыдан соң, өткен жылы желтоқсан айында ел игілігіне берілген Мәдени-тарихи этонографиялық орталықта болып, ондағы қазақ тарихынан тереңінен сыр шертетін құнды рухани жәдігерліктерді тамашалады.

12-наурыз. Жоспарлы ресми сапардан соң дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі Шымкент қаласындағы Орбадасы алаңында орналасқан облыстық «Абдул Хамид Қаттани» мешітіне келді. Хазрет мешіт кіріп, таяхтул мешіт намазын оқыды.

Дінбасы облыстық «А.Қаттани» мешіттінің жаңадан ашылған кітапханасы мен интернет бөлмесін, найб имамдар бөлмесін және іс басқарушы, неке қию, құран оқу бөлмелерінің заман талабына сай етіп, жаңартылған жұмыстарымен танысты.

Жалпы, кездесу барасында  Дінбасы Әбсаттар хазрет облыстағы аратқарып жатқан соңғы кездердегі ауқымды жұмыстарға көңілі толатынып айтып, өкіл имам Б.Мырзагелдиевке оң бағасын берді.

Осы күні түс қайта Шымкент қаласының әуежайынан Алматы қаласына ұшып кетті.

 

 

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының

Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің

баспасөз қызметі.

 

 

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован.

*
*